Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағында 24 елді мекен орналасқан, оның ішінде Сайрам ауданынан 11 елді мекен қосылған. Аталған елді мекендердің инфрақұрылым мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді. Жарық, табиғи газ, таза ауыз сумен толық қамтылған. Алдағы уақытта кәріз жүйелерін жүргізу де жоспарда бар… Ал өз кезегінде аудан тұрғындары да жасалып жатқан жұмыстарға жауап ретінде ретсіз саудамен күрес күшейіп отыр. Қаратау ауданы әкімі аппараты кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің іс-шара жоспарына сәйкес, аудан аумағында ретсіз сауда орындарын болдырмау және алдын алу мақсатында Қаратау ауданы жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, 2019 жылдың 7 айында белгіленбеген жерлерде сауда жасаушы тұлғаларға Қаратау ауданы ЖПҚ қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес 423 әкімшілік хаттама толтырылған.
Жарияланды: 07.12.2019