Жарияланды: 07.12.2019

Жоспар ауқымды…

«Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Шымкентте «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының іске асырылуына қатысады. Биылғы жылы 64 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бағдарламаға қатысу үшін «Shymkent» ӘКК» АҚ «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-нан 10 млрд. теңге сомаға несие алды. Осылайша,  үйдің әр шаршы метрінің бағасы 200-мыңнан 220 мың теңге аралығында болады. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан құрылыстар: жалпы ауданы 30406 шаршы метрді құрайтын Тұран ықшамауданында орналасқан көп қабатты 8 үй. Пәтерлер саны — 476.  Құрылысты жүргізуші – «БекСтройСервис» компаниясы. жалпы ауданы 17 977 шаршы метрді құрайтын «Асар-2» ықшамауданында бес қабатты 10 үй. Пәтерлердің саны — 300. Құрылысты жүргізуші — «Ақ Орда» корпорациясы. жалпы ауданы 14 875 шаршы метрді құрайтын Қаратау ауданындағы бес қабатты 6 үй. Пәтерлер саны — 240. Құрылысты жүргізуші — «АрхПроект – 1». Тұрғын үйдердің барлығы да заманауи инфрақұрылыммен толықтай қамтылған.

886 қаралым