Жарияланды: 07.12.2019

Шымкент: 210 мың абоненттің құқығы қорғалды

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дархан Кайнбердиев және департамент басшысының орынбасары Бопова Салима Бахытжанқызының қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

Қазіргі таңда департаментте 75 түрі бойынша 58 табиғи монополия субъектілері тіркелген. 2018 жылдың тарифтік сметаларының орындалуы бойынша жаңадан құрылған 7 табиғи монополиядан басқа 56-сы есеп тапсырды, 8-і есепті уақтылы тапсырмады. Осы бойынша заңнаманың бұзылуына байланысты аталған монополистер жалпы сомасы 3,030 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Тарифті қайта есептеу бойынша жүргізілген жұмыстар қорытындысы бойынша 2018-2019 жж жылыту кезеңі үшін 2540 мың ш.м. орташа жылыту ауданын ескергенде халыққа қайтарылатын қаражат сомасы 39,98 млн теңгені құрады. Өткен жылу маусымы қорытындысымен Шымкент қаласының тұтынушыларына 40 млн теңге қайтарылды.

Нұрлан Бектаев

Шымкент келбеті

885 қаралым