Жарияланды: 07.12.2019

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілді

Бүгінде Шымкентте инфрақұрылымды дамыту, көркейту, қайта жаңғырту жұмыстарына басты назар аударылуда. Шымкент қаласын көркейту мақсатында, аудан аумағындағы басты көшелердің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің сырт келбетін мемлекеттік бағдарлама және демеушілер тарту арқылы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, тастардан түрлі ою өрнек шығарып, үйдің сыртын әсемдетумен айналысатын «Beskuduk Tas» ЖШС-нің демеушілігімен, аудан аумағындағы Тауке хан даңғылы №11 көпқабатты үйдің қасбетіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты

849 қаралым