Жарияланды: 07.12.2019

Аялдау бекеті бір стандартты сақтауы мүмкін

Шымкенттегі көшелерде 806 аялдама бар. Көздің жауын алатын ал қызыл түспен боялғандарын да, шынымен қапталғанын да, құр темірден жасалғанын да кездестіруге болады. Нұрлан Бектұрсынов, Шымкент қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары: «Қаламыздағы 95-і аялдама жеке меншік, 53  аялдама көп жылға жалға берілген және 100 қызыл аялдамаларды кәсіпкерлер салған».

Жауаптылардың сөзіне сенсек, биыл 160 аялдама салу жоспарланған. Оған 70 млн. теңге қажет дейді. Әрқайсысы 437 мыңға түсетін аялдау бекеті бір стандартты сақтауы да мүмкін. Қазір бірнеше түрлі жоба сарапталып жатыр, деп хабарлайды «Отырар». Ал уақытының басым бөлігін автобус күтумен өткізетін шымкенттіктер сапалы әрі жылы болуы қажет дегенді алға тартады. Қалай десек те, қаланың орталық көшелеріне шыны аялдамалар көрік беруі тиіс. Ал шалғай шағынаудандарға барынша жабық аялдамалар қойылатын болады. Шенеуніктердің шешімі бойынша ыстық пен суықтан қалқан болатын аялдау бекеттері көбейеді.

868 қаралым