Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елу сегізінші сессиясы өтеді. Мәжілісте сессиясының күн тәртібіндегі «2019-2021 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу, 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті туралы және бірқатар мәселелер қаралады. Сонымен қатар, мәжіліс залында ҚР мәслихаттарының 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтеді. Қала қазынасы жыл жылжыған сайын қомақтыланып келеді. Алда атқарылар шаруа көп. Қала экономикасын қарыштап дамыту үшін атқарылар шаруалардың барлығы да келер жылдың еншісіне қалдырылып отыр. Ала меже, көрсетер көрсеткіш биылғыдан да жоғары болады деген сенім басым.