Жарияланды: 02.07.2018

Сыртқы саудаға сүбелі үлес

Еуропа экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасының Түркістан облысы бойынша негізгі көрсеткіштері жоғарылап келеді. Бұған  индустриалдық аймақтардағы өнім өндіріп отырған кәсіпорындардың экспорт көлемін арттыруы да сеп болып отыр. Ішкі нарықтан бөлек шетелдерге өнімдерін экспорттап отырған ірі кәсіпорындардың да сүбелі үлесі бар. Мәселен, алдын ала деректер бойынша, 2018 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 189,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылдың қаңтар-сәуір деңгейіне 93 пайызға артып отыр. Былтырғыға қарағанда өсім жоғары. Оның ішінде экспорт – 55,8 миллион АҚШ долларын яғни, 66,5 пайыз немесе өзара сауда көлемінің 29,5 пайызын, импорт – 133,8 миллион АҚШ долларын яғни, 111,4 пайыз немесе өзара сауда көлемінің 70,6 пайызын  құрады. Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі 166,9 миллион АҚШ доллар (өзара сауда көлемінің 88 пайызы сомасында қалыптасты.  Қырғызстан Республикасымен – 13,5 миллион АҚШ доллар (7,1 пайыз), Беларусь Республикасымен – 9,1 миллион АҚШ доллар (4,8 пайыз), Армениямен – 0,1 миллион АҚШ доллар (0,1 пайыз). ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлеміндегі 82 пайыз Ресей Федерациясына, 15,5 пайыз – Қырғызстан Республикасына, 2,4 пайыз – Беларусь Республикасына, 0,1 пайыз–  Армения Республикасына тиесілі.

1 137 қаралым