Жарияланды: 13.02.2020

Мәдениет министрі Шымкенттің мәдени жұмыстарымен танысты

 

Биылғы жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Шымқаланың 2200 жылдығы тойланады. Сонымен қатар «Шымкент — ТМД елдерінің мəдени астанасы» аясында көптеген республикалық жəне халықаралық деңгейдегі іс-шаралар жоспарлануда.

Басты мақсат Шымкенттің тарихын өзгелерге таныту, келешек ұрпаққа насихаттау. Бүгін еліміздің мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Шымкентке арнайы келді.

Қалалық əкімдіктің мəжіліс залында мəдени іс-шараларға тікелей жауапты басшылармен жəне мамандармен кездесіп нақты тапсырмалар берді. Өз кезегінде қалалық мəдениет, архивтер жəне тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рашид Мамытұлы тарихи мерейтой аясындағы жұмыстар нақты жоспар бойынша жүзеге асып жатқандығын жеткізді. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар мəдениет министрінің тікелей бақылауында болатын болды. Себебі Шымкенттің тарихи орыны, оның мəртебесінің биік болуы еліміз үшін аса маңызды екені белгілі.

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының баспасөз қызметі.

1 124 қаралым