Шымкентте «Жастар ресурстық орталығында» «Professional» жобасы аясында Soft skills тұлғалық қабілетті дамыту бойынша тренингі өтті. Soft skills — сала немесе қызмет түрін өзгерту арқылы кәсіби «өзіңізбен бірге алып» алатын білім.
Бұл мансап үшін маңызды дағдылар, ол жұмыс тиімділігін және басқа адамдармен өзара әрекеттесуді арттырады. Тренингке арнайы «Көшбасшылық психологиясы» тақырыбында Гульжан Вероцкая мен «Қоғаммен байланыс және ораторлық шеберлік» тақырыбында Кәусар Елемесова қатысты.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Ж.Намаздың айтуынша:
⎯ Бүгін жастардың өмірге дағдылануына әсер ететін пайдалы тренинг өтті. Бұл «Soft skills» дамыту бойынша тренингі жастарға коммуникабельділік, командада жұмыс істей білу, креативтілік, ұқыптылық, тепе-теңдік сияқты әлеуметтік, интеллектуалдық және ерік құзыреттіліктерін үйретеді. Бұл іс-шара жыл соңына дейін өз жалғасын табатын болады.