Жарияланды: 07.03.2020

100 жастан асқан әжені құттықтады

 

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ — ның басшысы Тамара Дүйсенова мен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр Шымкент қаласының 100 жастан асқан қарт тұрғыны Шырынкүл Төреханованың шаңырағында болып, ғасыр жасаған қарт ананы 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
— Сізді көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Сіз отбасының діңгегісіз. Жаратқан ием Сіздей әдемі қартаюды жазсын. Аман болыңыз! — деген ақ тілегін білдірді Тамара Қасымқызы. Өз кезегінде Шырынкүл әженің иығына ақ орамал жапқан Ербол Әбілқайырұлы да өзінің мерекелік ыстық лебізін білдіріп, шаһар басшысының құттықтау хатын ұсынды.
Айта кету керек, Шырынкүл Ахметова 1919 жылы дүниеге келген. Алла өмір берсе, мамыр айында 101 жасқа толады. Тыл ардагері, батыр ана 9 ұл-қызды өмірге алып келген. Олардан бүгінде 25 немере, 41 шөбере мен 2 шөпшек сүйіп отыр.

Шымкент қаласы әкімдігі
Халықты жұмыспен қамту орталығының
баспасөз қызметі

747 қаралым