Футболдан Қазақстан премьер лигасы аясында шымкенттік «Ордабасы» командасы маусымның алғашқы ойынын Көкшетаудан келген «Оқжетпес» командасымен өткізді.
Шымкенттік команданы қолдауға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы келді.
Тартысты өткен матчта «Ордабасы» 1:0 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Ойынның 57-минутында Р. Маурисью Брижиду гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, «Ордабасы» командасы келесі ойынын 11 наурыз күні сырт алаңда «Астанамен» өткізеді.