2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі — АӘК) бойынша 19 587 отбасыдан немесе 98 313 адамнан өтініш қабылданып, 15 833 әлеуметтік көмек тағайындалды, 2 378 өтініші кері қайтарылды.
Қаңтар айына 9068 отбасыға (шартты – 6 363 отбасы, шартсыз – 2705 отбасы) 455 млн.теңге төленді.
Ақпан айына 15 727 отбасыға (шартты – 12 127 отбасы, шартыз – 3 600 отбасы) 983 млн.теңге
төленді.
Сонымен қатар, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің тәртібі бойынша тағайындалған отбасылардың балаларына «кепілдендірілген әлеуметтік топтама» ұсынылуда. Шымкент қаласы бойынша «Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы» «Magnum» ЖШС-нің 4 ірі сауда орталықтары арқылы берілуде.
Олар:
1. ШФ 1 Шымкент қаласы, Әл Фараби ауданы, Айтеке би көшесі, Володарский көшесімен қиылысқан, «Жамалбек-Кажы» сауда орталығы.
2. ШФ 2 Шымкент қаласы, Енбекші ауданы, Ж. Шаяхметов 5 «А» ғимаратында орналасқан.
3. ШФ 3 Шымкент қаласы, Әл Фараби ауданы, Байдібек Би көшесі №25, Nauryz park сауда орталығында.
4. ШФ 4 Шымкент қаласы, Абай ауданы, Бекжан Комфорт сауда орталығында.
Бүгінгі таңға 8 891 отбасының 15 949 балаларына 1-3 жас және 3-6 жас аралығындағы балаларға арналған қаңтар айының азық-түлік топтамасы берілуде.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындардың «Magnum» сауда үйінің сайтына (magnum.kz) кіріп, ЖСН енгізу арқылы жиынтықты қай жерден алып кетуге болатынын біле алады.