ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына халықпен қанағаттану деңгейін өлшеу мақсатында «Цифрлық агент» (Digital agent) мобилдік қосымшасы іске қосылған.
Мобилдік қосымша арқылы халықпен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын, сыпайылық пен қызметкердің кәсіби этикасы, әкімшілік тосқауылдар және оларды 5-балдық шкала бойынша ХҚКО, мемлекеттік кірістер басқармалары, жұмыспен қамту және тест орталықтары мен соттар әкімшісінің қызметтерін бағалай отырып, шағым қалдыру мүмкіншіліктері қарастырылған.
Келіп түскен шағымдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша депаратаменті тарапынан жедел назар аударылып, сапалы қарауын қадағалап, 5 минуттың ішінде кері байланыс орнатылады.
Қазіргі таңда,мобильдік қосымшасын қолдану тәсілдері туралы 2 тілде бейнероликтер барлық ХҚКО, мемлекеттік кірістер басқармаларының экрандарында тұрақты көрсетілуде.
Сонымен қатар, бағалауға қала әкімдіктерін және әкімдіктің басқармаларын, мектеп, балабақша, аурухана мен емханалар және т.б мекемлерді мобилдік қосымшаға енгізу жоспарлануда.
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ АЛУ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Департаментпен жыл басында Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге талдау жүргізілді.
Талдау нәтижесінде, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту, білім және тұрғын үй салалары бойынша электронды түрде көрсетуге мүмкіндігі бар кейбір мемлекеттік қызметтер egov.kz порталында қолжетімсіз екендігі анықталды.
…Ещё
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КАДРЛАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің саны 98 мың адамды құрайды. Оның ішінде 2097 қызметкер (2,1%) Шымкент қаласында еңбек етеді. Шымкенттің барлық мемлекеттік қызметкерлерінің 51%-ын әйелдер құрайды.
Қалада 55 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Оның ішінде 28 жергілікті атқарушы, 25 орталық органдардың аумақтық бөлімшелері, 1 өкілетті орган және тексеру комиссиясы.
…Ещё
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «ШЫМКЕНТТЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ»
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша қала аумағында орналасқан ірі сауда орталықтары мен базар иелерімен және әуежай мен теміржол, автовокзал басшыларымен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиында қала басшысы халық арасында таралып жатқан азық-түлік тапшылығы туралы ақпараттың негіссіз екенін айтып, кәсіпкерлерге тұрғындар…