Жарияланды: 15.03.2020

«Дені сау ұрпақ – қуатты мемлекет!»

ДДҰ-ның ұсыныстары бойынша адам күнделікті 400 – 700 грамм жеміс пен көкөніс тұтынуы қажет. Көкөністер мен жемістердің жүрек-қантамырлар жүйесі ауруларының, обырдың кейбір түрлері мен микроэлементтердің жетіспеуінің алдын алуда маңызды қорғаушы рөл атқаратынын білулеріңіз қажет.

Олар дәрумендердің, минералды заттардың, крахмал, көмірсулар мен тағамдық талшықтардың көзі болып табылады. Өсімдіктер өнімдері адам ағзасының қалыпты қызмет етуі үшін қажетті. Адамның ас үлесі қаншалықты түрлі және жемістер мен көкөністерге бай болған сайын, оның көптеген ауруларды емдеуге де мүмкіндігі зор болады. Сонымен қатар, өсімдік өнімі адам ағзасының, әсіресе балалардың ағзасының түрлі инфекцияларға, қоршаған ортаның физикалық және химиялық зиянды факторлардың жағымсыз әсерлеріне қарсы тұруын арттыра отырып, көптеген ауруларға қарсы жақсы сақтардыру құралы болып табылады. Жаңа піскен, сондай-ақ өңделген көкөністер де асқазан сөлін бөлетін күшті ынталандырушы болатындықтан, ағзаның ақуыздар, майлар мен көмірсулардың толық сіңіруіне ықпал етеді. Әсіресе асқазанның асты қорытуын сәбіз, қияр, қырыққабат, сонымен қатар қарбыз шырыны күшейтеді.

Бос қанттар – өндірушілер, аспаздар және тұтынушылардың азық-түліктер мен сусындарға қосатын моно және дисахаридтер және бал, шәрбәт, жеміс шырыны және жеміс шырыны концентранттарында болатын табиғи қанттар туралы айтайық. Бос қанттарды, әсіресе тәтті газдалған сусын, тәттілер ретінде тұтыну денеде артық салмақтың пайда болуына ықпал етіп, семіздік пен қант диабетіне шалдықтырады. Олардың ағзаға түсуін құрамында қанты көп азық-түліктер мен сусындарды (мысалы, газдалған сусындар, кәмпиттер, тіскебасар азық-түліктер және т.б.) азайтып, тіскебасар орнына жемістер мен көгөністерді тұтыну арқылы шектеуге болады.

Халық арасында, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың арасында өте танымал сусын – кока-кола. Оның құрамы: тазартылған газдалған сусын; қант; табиғи бояуыш карамель; қышқылды реттеуші ортофосфор қышқылы; табиғи хош иістендіргіш; кофеин. Барлық салқындататын сусындардың ішінде, әсіресе Кока-колада қанттың мөлшері көп, яғни 1 литрде 137,5 грамм, ол 27,5 кесек қантқа тең, оның салдары ұйқы безіне күш түсіріп, қант диабетіне шалдықтырады. Бос қанттарды, әсіресе тәтті сусындар, тәттілер (тоқаш, шоколад, мармелад, кәмпит, торттар, балмұздақ) түрінде тұтынуды шектеу қажет, себебі олар дене салмағының артуына ықпал етіп, семіздікке, қант диабеті мен тісжегіге шалдықтырады. Ағзаға қанттың түсуін құрамында қанты көп азық-түліктерді шектеу арқылы азайтуға болады. Мысалы, 0,5 л тәтті газдалған сусында 55 грамм қант бар, ол 11 кесек қантқа тең, 0,5л қуаттандыратын сусында 27,5 грамм, яғни 5,5 кесек қант, 0,5л тәтті салқын шайда 42,5 грамм, яғни 8,5 кесек қант, қант ең көп 1 литр кока-колада 137,5 грамм, яғни 27,5 кесек қант бар және т.б.
Су–адам тамақсыз бірнеше апта, ал сусыз тек бірнеше күн ғана өмір сүре алады. Сондықтан күніне 1-1,5 литрге дейін газдалмаған су ішіңіз! Мектепте су ішу тәртібін ұйымдастыру өте маңызды.

«Дені сау ұлт – қуатты мемлекет!» бағдарламасы ата-аналарға балалардың артық салмағын болдырмау үшін майлы тағамдарды, сода бәліштерін және тәттілерді азайтуға шақырады. Сарапшылар ата-аналарға балаларын тамақтандыратын азық-түлікке мұқият қарауды, жиі таза ауада жүруді, диетаны ұстануды және витамин D тапшылығын толтыруға кеңес береді. Ата-аналар балалардың сау және пайдалы тамаққа деген қызығушылығын қайта қарауға және зиянды емес ыңғайлы тағамдарды қабылдамауға үлес қосуға қабілетті.

Балалар спортпен айналысуға деген сүйіспеншілікті көрсету және белсенді демалыс үшін гаджетті ауыстыру үшін жеке үлгісімен жастардың салауатты өмір салтына үйренуге тиіс.

К.А.Тажекова6 Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі

811 қаралым