Жылыту маусымы басталғалы тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улы газдан уланудың алдын алу мақсатында қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қала және аудан әкімдігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлерімен бірге бірнеше түсіндіру шаралары жүргізілген.
Кезекті үгіт-насихат жұмыстары Әл-Фараби ауданы аумағында жүргізілді. Онда мамандар тұрғындарға жылыту пештерін пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтауды және газ мұржаларының уақытылы тазалануына көңіл бөлулерін ескертті.