Жарияланды: 27.03.2020

ШЫМКЕНТТЕ 20 МЫҢ БЕТПЕРДЕ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты «Қалаларымыздың негізгі көшелерінде бетперделер азаматтарға тегін таратылуы тиіс» деп тапсырма берген болатын.

Осыған орай шымкенттік «Mega Pharma» ЖШС 20 000 мыңға жуық бетперде мен балаларға арналған 600 аскорбинді қышқыл дәруменін таратты. Компания басшылығы акцияның мақсаты Шымкент қаласының тұрғындарына қолдау көрсету екенін атап өтті.

Бетперделер шаһарда адам көп шоғырланған орындарда, атап айтқанда, Арбат демалыс орны, «Жаңа шаһар» базары, «Север» сауда үйі, Қайнарбұлақ және Сайрам елдімекендерінде таратылды.

636 қаралым