Жарияланды: 31.03.2020

Қоқыс контейнерлері тазалыққа сеп…

фото Н.Байбақ

Көшеде қоқыстың бей-берекет шашылып жатуы мәдениеттіліктің белгісі болмаса керек. Жол бойларына орындықтар мен арнайы кішігірім қоқыс жәшіктері орнатылған. Тазалықты сақтауға үндейтін жарнамалар жапсырылған орындықтар әрине санасында саңылауы бар адамға әсер етері сөзсіз. Оның үстіне көшеге шемішке шаққаны үшін заң басыңнан сипамайды. Қоғамдық орындарда тазалық сақтамағаны үшін айыппұл да қарастырылған. Бұл өз кезегінде тазалық сақтауға сәл де болса септігін тигізуде. Шымкенттің тазалығы үшін 830 қоқыс жәшігі қойылды. Бұл тұрғындардығ мәдени сауаттылығын арттырып, тазалық сақтауға жауапкершіліктің артқандығын білдірсе керек. Сондай-ақ, қоқыс жәшіктерін орнату жұмысы үлкен қарқынмен  алға басып келеді. Өткен жылы аудандарда 1140 қоқыс контейнерлері қойылды. Бұл көшелердің таза болуына, әрі қала мәдениетін қалыптастыруға тиімді болды. Ал қанатқақты жоба аясында қоқыстарды сұрыптайтын контейнерлер Қарасу, Қабанбай батыр көшелеріне және теміржол вокзалына орналастырылды. Қала тұрғындары үйден шыққан, үй маңындағы қоқыстарды сұрыптайтын контейнерлерге сала алады.

720 қаралым