Елордаға аймақтар тартуы. Астана қаласының туған күніне Түркістан облысынан 525 тонна азық-түлік жөнелтілді. Алғашқы керуен жолға шығып кетті. Кезекті жәрмеңкеге жергілікті 50-ге тарта шаруалар жұмылдырылып отыр. Тауарлардың жалпы құны 165 миллион теңге шамасында. Айтып өтейік, «Астананың 20 жылдығы» аясында Түркістан облысының қатысуымен Елордада 5 ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу жоспарда бар. Осы аралықта оңтүстіктің шаруалары Елордаға 14 753 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерінің 28 түрін ұсынуда. Ол үшін облыстан 50 ірі және қосалқы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындары іріктелініп алынған. Оның ішінде өңіріміздегі индустриалды-инновацилық даму бағдарламасы аясында ашылған серіктестіктердің де өнімі бар. Жалпы инновациялық әдіс тәсілдермен өсірілген жеміс жидектердің де қатары мол. Жалпы, биыл Елордада облыстардың қатысуымен 20-дан астам ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл Астана тұрғындарының азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуына мүмкіндік береді. Ондағы тауар бағасы нарық тан 10-15% төмен болады. Әбдібай Мұстафа – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы «Жоспарда 2018 жылы 5 рет жәрмеңке өткізу жоспарда бар. Және 14 мыңнан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады».
П.БИНАЗАРҚЫЗЫ