Жарияланды: 31.03.2020

Заңсыз жарнамамен күрес күшеюде…

«Шымкент -ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы жариялануына орай бүгінде қалада қарбалас жұмыс басталған. Ең алдымен қала тазалығын сақтап, көркейту мақсатында ауқымды тірліктер атқарылуда. Қала келбетіне кіреуке түсіретін заңсыз жарнамалармен күресу жалғасын табуда. Шымкенттегі Абай ауданы әкімі аппараты мен қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен Республика даңғылы мен Темірлан тас жолы бойында ретсіз сауда орындары мен заңсыз жарнамаларды жою бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Б.Момышұлы даңғылы мен Ғ.Иляев көшелері бойында ретсіз сауда орындары мен заңсыз жарнамаларды алдыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қала көркіне көлеңке түсіріп тұрған быжырқай жарнама жапсырмалары алынып тасталмақ.

Бақдәулет Таңбай

773 қаралым