Жарияланды: 07.07.2018

Өнім 100 пайыз шетелге экспортталады-2

Түркістан облысындағы «Shymkent Temir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшыларының әлеуметтік жағдайын алғашқы орынға қойған кәсіпорынның бірі. Аталмыш  жоба Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кəсіпорынға əкімдік тарапынан 17 гектар жер учаскесі бөлінген. Жобаға 5,94 миллиард теңге инвестиция тартылған. Кəсіпорынның жобалық қуаты — жылына 300 мың тонна құйма түріндегі болат блюм шығару. Олар əрі қарай металлургияның кез келген өнімдерін: арматура, металл құрылымдар жəне түрлі металл бөлшектер жасауға дайын. Мұнда шығарылған өнім 100 пайыз жақын шетелге (Өзбекстан, Орталық Азия) экспортқа шығарылады. Зауыт аумағында тұйықталған теміржол бар, газ құбыры, электр желісі мен су құбыры тартылған. Осылайша өндіріс алаңында жобаның толық жүзеге асырылуына бар жағдай жасалған. Айта кетейік, «Shymkent Temir» ЖШС-де қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағытында үнемі жұмыс атқарылады. Кəсіпорын басшылығы зауытқа шетелден тəжірибелі мамандарды тұрақты түрде шақырып, олар зауыт персоналын оқытады жəне шеберлік сабағын өтіп тұрады.

1 061 қаралым