Жарияланды: 01.04.2020

Шағынаудандарда жұмыс қауырт…

Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданының тазалықшылары бүгінде күн түн демей жұмыс атқаруда. Күндізгі уақытта қордаланған қоқыстарды жинап, көше сыпыратын жұмысшылар зарарсыздандыру жұмыстарына да атсалысуда. Қала тазалығына жауапты мекеме мамандары түнгі уақытта да зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Аудан  аумағында орналасқан «Сауле», «Забадам», «Химфарм» шағынаудандарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады. Бұдан бөлек,  «Наурыз», «Самал», «Түркістан» және «Отырар» шағынаудандарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

720 қаралым