Жарияланды: 07.07.2018

Инновацияның игіліктерін игеруге құлшыныс жоғары-2

Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг бастаған оңтүстіккореялық делегация М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне де келді. Мұнда олар жасыл технология жөнідегі ұшан теңіз тәжірибелерімен бөлісті. Бүгінде өңірде орын алған территориялық өзгерістер білім ордасының жауапкершілік жүгін бұрынғыдан да арттырып отыр. Дария Пернешқызы алдағы уақытта университте Түркістан облысы мен Шымкент қаласын  дамытуға күш салатын мамандар даярланатынын жеткізді. Дария Қожамжарова – М. Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры «Бұған дейін Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, жасыл жобаларды іске асыру үшін техникалық және қаржылық көмек көрсету мүмкіндіктері толық зерттеледі. Ер түріктің бесігі – Түркістан облыс орталығына айналып, Шымкент – республикалық маңызы бар қала санатына енгізілді. Енді мегаполистер эрасы басталды. Олардың арасында даму тенденциясы бойынша бәсекеге төтеп беруге ұмтылыс жоғарылайды. Сондықтан, өңірге инвестиция тарту, инновация игіліктерін игеруге деген құлшыныс та арта бастамақ. Ал, бүгінгі жиын осы бағыттағы жұмыстарға мотивация береді». Айта кетейік, «жасыл жобаларды» қолдау шарасынан шарапат мол. Бастамалар іске асса, 500-ден астам сапалы жұмыс орындары ашылады. Бұл — елдегі жұмыссыздықты жоюдың таптырмас тәсілі. Түркістан облысындағы индустриалды инновациялық дамуға да серпін берері сөзсіз.

Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ                       

1 219 қаралым