Шымкенттегі Ұ.Арғынбеков көшесі қаладағы ең ұзын көшелердің бірі. Алты жолақтың үлкен даңғылдың ұзына бойына жас көшеттер егіліп, бүгінде жайқалып өсіп тұр. Оларды суғарып, күтіп баптау жұмыстары «ЛТД Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мойнында. Күделікті көше бойындағы қоқыстарды тазалап шығатын жұмысшылар түс ауа тал дарақтарды суғаруға кіріседі. Еңбеккерлердің еңбегі еленгені сол жасыл желек айналаны қою көлеңкеге малып, жайқалып өсіп тұр. Серіктестік жұмысшыларының қала тазалығының сақталуына тигізіп отырған септіктері орасан. «Солтүстік-Батыс» және «Шұғыла», «Самал-3» шағынауданының тазалығы да серіктестік жұмысшыларының мойнында.
Дәулет Қуанышқали