Жарияланды: 01.04.2020

Өркениеттің игілігін көріп отыр

фото Н.Байбақ

Шымкентте соңғы әлетте жаңадан салынған шағынаудандар қатары көбейіп келеді. Заманауи талаптарға сай салынған шағынауданның жолдары да кең. Арықтар орнатылып, жаңа жарық столбылары қойылған. Кәріз жүйелері тартылған заманауи шағынаудандардың бірі «Солтүстік-Батыс». Мұндағылар өркениеттің игілігін көріп отыр. Барлығы дерлік көшелері асфальтталған дегенмен де Өркенді көшесіне жуырда асфальт төселе бастады. Құрылысшылар алдымен аяқжолдарын салды. Енді асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қарқынды түрде жұмыс істеп жатқан құрылысшылар жақын күндері жұмысты толық аяқтаймыз деп отыр. әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстардың бір көрінісі ғана. Қалының әлеуметтік дамуы бағытында мұндай жұмыстар жалғасын таба беретін болады.

 Дәулет Қуанышқали

711 қаралым