Шымкент қаласының 3 жылға бекітілген бюджетінің көлемі 356 млрд. теңгені құрайды. Қаржының басым бөлігі әлеуметтік, білім, мәдениет салалары мен коммуналдық мәселелерді шешуге бағытталған.
Ербол Садыр, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Медицина саласына 22,7 млрд. теңгеге 16 жоба іске асырылды. 500 орындық емхана жақын арада пайдалануға беріледі». Қаланың әлеуметтік дамуы бағытында атқарылар тірлік көп. 7 млрд. теңгеге қаладағы 4 аудандағы 260 көпқабатты үйлердің ауласын абаттандыруға 15 жоба жүзеге асырылуда. Қала тазалығы да назардан тыс қалмаған. Еңбекші ауданында бұл жұмыстар аяқталса, қалған аудандарда жалғасып жатыр. Білім саласында 7 жобаны жүзеге асыруға 10 млрд. теңге бағытталды. Әкімшілік іскерлік орталығында 320 орындық балабақшаның құрылысы аяқталып, 150 орындық өнер мектебі пайдалануға тапсырылмақ. Бәйдібек би мен Ұ. Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жол айырығының құрылысына 50 млн. теңге бағытталған.
Жарияланды: 01.04.2020