Жарияланды: 01.04.2020

Табиғатты, қоршаған ортаны қорғау бағытында сабақ өткізілді

ХХI ғасырда онлайн оқытудың маңызы артып отырғаны белгілі. Осы бағытта Шымкенттегі дендросаябақтың ғылыми қызметкерлері ауқымды жұмыстар атқаруда. Табиғатты, қоршаған ортаны қорғау бағытында ұдайы онлайн сабақтар өткізіп тұрады. Жуырда саябақтың ғылыми қызметкері Ақнұр Шүленбаева «Дендросаябақтың негізгі мақсаты мен гендік қоры» атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндаманы және презентацияны кәсіпорынның ғылым, мониторинг және молайту бөлімінің ғылыми қызметкері, болашағынан мол үміт күтетін жас маман Б.Мәлік дайындады. Қаламыздағы көптеген жоғары оқу орындарының студенттерімен бірлесе жұмыс жасайтын дендрологиялық саябақ кәсіпорны бұл жолы «Мирас» университетінің студенттерімен онлайн түрде өз тәжірибелерімен  бөлісті.

1 316 қаралым