Шымкенттегі «Орталық мәдениет және демалыс саябағының» іргетасы 1925 жылы қаланған. Аға буын өкілдеріне жастық шағын еске салатын саябаққа келушілердің қатары қалың. Күрделі жөндеуден өткізілгеніне де көп бола қойған жоқ. Мұнда келушілерге барынша жағдай жасалған. Таза көгал, гүлзарлар, жолдар, әткеншек, төбешік, лабиринт бар балалар алаңы, субұрқақ бар. Сондай-ақ, саябақтың орталық кіреберісінің жанында шахмат клубы бар, ол жерден әр кеш сайын шахмат ойнайтын ардагерлерді кездестіруге болады. Саябақтың бір бұрышында ардагерлер үйі орналасқан. Кіші теннис алаңы да келушілерді көбейтуге сеп. Күрделі жөндеуден өткен саябаққа тренажер алаңы орнатылған. Жақын маңда тұратын тұрғындарға да, саябаққа келушілерге де қолайлы спорт алаңшалары қызмет етеді.
Жарияланды: 02.04.2020