XIX ғасырдың соңында құрылған Шымкенттегі «Кең баба» саябағы қаланың орталығында орналасқан көне бақтардың бірі. Жалпы ауданы 3,5 га құрайды. Саябақта командалық ойындар үшін бірнеше алаңдар, теннис корты, балаларға арналған түрлі аттракциондар, аққулар мен үйректері бар су айдындары, субұрқақтарын, «Ақ-су» сарқырамасы, суретшілер галереясы және шеберлер мен қолөнершілер ауылы орналасқан. Сонымен қатар, жеті ұлттық-мәдени орталықтың павильондары (қазақ-өзбек, славян, татар-башқұрт, еуропалық, корей-ұйғыр және қытай), Қазақстан миниатюрадағы макеті, волейбол және баскетбол алаңдары, шахмат клубы, шайхана, интернет-кафе және жасыл қалашық бар. Қалалықтардың сүйікті мекеніне айналған бақта қаладағы көне ғимараттардың бірі орналасқан. Бүгінде қуыршақ театры мекен еткен ғимарат көне замандардан сыр шертеді.
Жарияланды: 02.04.2020