Жарияланды: 02.04.2020

Жауапты мекемелердің жұмысы көңіл тоғайтарлық

Шымкент қаласындағы коммуналды қызметті «ЛТД-Тұрмыс», «ЮгДорСервис», «Бәйтерек-ЛБ» және «СМД-құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері атқарады. Олардың жұмыс базасында қала тазалығына қатысты барлық техникалары сақадай сай. Қыстық тазарту жұмыстары аяқталған соң, көктемгі кезеңге дайындық жұмыстары пысықталады. Техникалары тексеруден өтіп, жөнделіп, майланып, сырланады. Жуырда ғана көктемге дайындық барысында коммуналдық сала қызметкерлері шаһардағы жалпы ұзындығы 146 шақырым болатын арық-атызды тазалап шықты. Оның арасында қала орталығындағы қоқысқа толған лотоктар мен шаһар аумағына қосылған елдімекендер арқылы ағып өтетін ірі каналдар бар. Техникалар мен жұмысшылардың дайындығы ұдайы тексеріліп тұрады. Мамандар қала аумағы арқылы ағып өтетін өзендердің жағалауын нығайту жұмыстары басты назарда екенін айтады. Қала тазалығына жауапты мекемелердің жұмысы көңіл тоғайтарлық.

856 қаралым