Жарияланды: 02.04.2020

Көне де жаңа саябақ…

Шымкенттегі Ш.Қалдаяқов көшесі қаланың ескі бөлігі саналады. Осы көшенің бойында Металлургшілер саябағы бар. Бұл — Шымкенттегі көне саябақтардың бірі. Қорғасын зауыты маңынан сонау 1930-жылдары ашылған. Кейінірек саябақтан Металлургшілер сарайы да ашылып, түрлі мәдени шаралар өтті. Соңғы жылдары қараусыз қалып, біраз тозғанымен, 2000-жылдардың басында билік өкілдері саябақтарға назар аударып, қаладағы көпшілік демалыс орындары бірі ретінде қайта түлетті.  Солар секілді Металлургтер саябағы да жаңарды. Қазір осы маңдағы халықтың сүйікті орнына айналып отыр. Көлемі шағын саябақта үлкен ағаштар жетерлік. Және тып-тыныш. Жасыл желекке көмілген саябаққа келушілердің қатары да көп.

764 қаралым