Жарияланды: 02.04.2020

Алып ескерткіштер композициясы орналасқан

фото VITALIK.kz

Жасыл дарағы мол, алып саябақ атанып келген Абай атындағы бақ қалалықтардың ең сүйікті мекені. Саябақ бүгінде қайта түлеп, жаңа егілген жас ағаштар көбейді. Саябақ негізінен жаяу серуендеп, тыныш демалатын орынға айналды. Абай саябағындағы алып ескерткіштер композициясы орналасқан. Даңқ мемориалының жалпы аумағы 2 гектарға жуық кешенде өзара бір композицияға жиналған ескерткіштер Абай саябағының көркін аша түсті. Даңқ мемориалы 2010 жылдың 7 мамыр күні Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында салтанатты түрде ашылды. Мемориал ең алдымен  «Мәңгілік алау» ескерткішінен басталады. Әрі қарайғы композицияны Даңқ аллеясы жалғастырады. Мұнда екі қапталдағы тақтайшаларға Ұлы Отан соғысына аттанған 140 000-нан астам жауынгердің есімі қашап жазылған. Кешеннің орталығында «Жұлдыз» ескерткіші орналасқан. Оның екі жағындағы қызыл гранитте Кеңес Одағының 51 батыры мен Даңқ орденінің 8 толық иегерінің, бір Халық қаһарманының есімдері жазылған. Композицияны кәдімгі жауынгерлік ұшақ жалғастырып тұр.

1 078 қаралым