Жарияланды: 02.04.2020

Ескерткішті ерекше күтімге алған

Шымкент қаласындағы Абай саябағының оңтүстік беткейінде Ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш бар. Мұнда соғыс қаруларының сан алуан түріне арналған мүсіншелер қойылған. Алып танктің ескерткіші де осында. Өз алдына топтасқан шағын кешен ауған жерінде қаза тапқан боздақтарға арналған ескерткіштер топтамасын құрайды. Мұндағы негізгі ескерткіште  жүрекке оқ тиген сәті бейнеленген. Қасында сарбаздың сары шинелі жатыр. Әрі қарай ауған соғысында қолданылған қарулар тізбектеліп қойылған. Ал кешеннің соңғы жағында тәжік-ауған шекарасында опат болған жауынгерлерге арналған ескерткіш тұр. Ескерткіш 2015 жылы ашылды. Осыдан 21 жыл бұрын Пшихавр шатқалында Кеңес әскеріне моджахеттер шабуыл жасаған болатын. Ұрыс кезінде 17 боздақ мерт болды, тек біреуі ғана аман қалды. Жыл сайын Ауған соғысының ардагерлері арнайы жиын өткізіп, қапыда қаза болған қаруластарын үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қояды. Қала тазалықшылары ескерткіштерді ерекше күтімге алған. Шаң тозаңнан арылтып, ұдайы тазалық жұмыстарын жүргізіп тұрады.

1 014 қаралым