Жарияланды: 02.04.2020
Тазалық үшін рахмет айтатындар бар
Шымкенттің таза әрі әсем қала болуы үшін жанын салып қызмет етіп жүрген жандар көп. Солардың бірі «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің жұмысшысы Мамура Өтешова. «Таңғы 4 -те оянамыз. Сағат 5:20-да автобуысымыз келеді. Соған үлгеруім керек. 6-да жұмыс бастаймыз. Оқушылар мектепке, басқалар жұмысқа баратын кезге дейін аялдаманың айналасын, көшені тазалап үлгеруіміз керек. 6 күн жұмыс істейміз, бір күн демалыс. Қыстың суығында, шілденің аптап ыстығына қарамай тазалық үшін жұмыс істейміз. Қалалықтардың тазалық мәдениеті жоғарыласа дейміз. Жарнаманы жапсырмаса, тазалық сақтаса дейміз. Еңбегімізді бағаласа дейміз. Тазалық үшін рахмет айтатындар бар. Қыстың күндері қар тазалап жатқанда студенттердің көмектескен кездері де болды. Жұмысыңыз ауыр екен деп қолқабыс етеді» дейді.
2020-04-02
1 187 қаралым