Жарияланды: 02.04.2020

Қанатқақты жобаның нәтижесі көп

Былтыр шырайлы Шымқалада қала тазалығына қомақты үлес қосатын қанатқақты жоба енгізілген болатын. Дамыған елдер тәжірибесінен алынған қоқысты сұрыптап өткізу жобасы алғаш рет миллионды мегаполисте ендірілді.  Шымкенттіктер шығарған қоқыстарын өздері сұрыптап, арнайы белгіленген жәшікке салады. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарымен айналысатын «Орион Новые Технологии» серіктестігі Тәуке хан даңғылы №33 үй ауласындағы қоқыс алаңшасына әр түрлі қоқыс салуға арналған қоқыс жәшігін орнатқан болатын. Жоба үмітті ақтады. Тұрғындар қала тазалығына титімдей болса да өз үлестерін қосып, айналаны қоқысқа толтырмай пластик ыдыстарды бөлек, целлофан қалталарды бөлек сұрыптап түрлі жәшіктерге салады. Қанатқақты жоба алдағы уақытта Шымкент қаласындағы өзге де аудандарда жалғасын табатын болады.

 

 

719 қаралым