Жарияланды: 07.07.2018

Нөлдік шығын бойынша жұмыс істейді – 2

Түркістан облысында салынатын қоқыс өңдейтін зауыт еліміздегі индустриалды-инновациялық дамуға соны серпін берері сөзсіз. Александр Гердт, серіктестіктің бас директоры /Германия/: — Адамдар қоқысты қазір палигонға тасып жүрсе, бірер жылда оны біздің зауыттарға әкеле алады. Яғни қалдықтарды қабылдап, одан пластикалық өнімдер шығарамыз. Тағы бір ерекшелігі — зауытымыз нөлдік шығын бойынша жұмыс істейді. Бұл дегеніңіз қалдық қалмайды.  Бүгінгі келісім аясында машина жасау, тау-кен, жеңіл өнеркәсіп пен аграрлық салаға да инвестиция тартылады. Көбі ауыл шаруашылығы бойынша жасалған меморандумдар. Инвестициялық қолдаудың нәтижесінде таяу жылдары 600 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі. Сол кезде бір жылдың ішінде 650 миллиард теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндірілмек. Бұл жұмыстар алдағы 2 жылдың ішінде орындалады екен. Ислам Әбішев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрілігің комитет төрағасы: — Қазір Қазақстанда 1 миллион 400 мың гектарға жуық суармалы жер бар. Елбасының қойған тапсырмасы 600 мың гектар жерді іске қосу. Бұдан бөлек, су ресурстарының жердің мүмкіншілігіне қарағанда тағы да бір жарым миллиондай гектар жерді іске қосуымыз керек. Сол кезде біз әлем бойынша суармалы жері көп алғашқы 15 елдің қатарына кіреміз. Еліміздің экономикалық әлеуеті көңіл қуантарлық. Айталық, былтыр бұл бағыттағы өсім 4% құраған. Doing Business халықаралық рейтингінде Қазақстан 36-орынды иеленді. 6 индикатор бойынша позициялар жақсарып, инвесторларды қорғау бойынша еліміз 1-орыннан көрінді. Мемлекет басшысының пәрменімен Қазақ үкіметі инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасап келеді. Әркез инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстан ашық саясатының арқасында гуманитарлық,  экономикалық тұрғыда көптеген жетістікке жетті. Бұл өзгелерді таңқалдырмай қоймайды.  Президенттің тікелей қолдауымен Тәуелсіздік алған жылдан бастап инвесторлар үшін есік айқара ашылды. Нәтижесінде экономика дамып, әлеуметтің әлеуеті артты. Бизнес климат жақсарды.

24.кз

1 084 қаралым