Жарияланды: 02.04.2020

Қала тазалығын сақтауға септігі зор

Шымкент қаласындағы көшелер мен саябақтарда қоқыс жәшіктерін орнату бағдарламасы аясында өткен жылы 800 қоқыс жәшігі орнатылған болатын. Аталған жоба биыл да жалғасын таппақ. Бұл жобаның қала тазалығын сақтауға септігі зор болмақ. Жаңа қоқыс жәшіктері Шымкент қаласындағы басты даңғылдар мен аудан ішіндегі көшелерде, саябақтарда, аялдамаларда, әлеуметтік нысандардың алаңдарында, сауда орталықтарының алдында және басқа да қоғамдық орындарға қойылды. Қалалық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше қоқыс әшіктері стандартқа сай қойылған, яғни, екі қоқыс жәшігінің арасы ережеге сай 50 метрдей болуы керек. Сондай-ақ, көпшілік орындарда қоқыс жәшігі екеуден қойылады әрі орындықтардың қасында әлбетте орнатылады. Сондай-ақ, бұл қоқыс жәшіктері көлемдірек. Айта кетейік, биылғы жылы тағы 500 қоқыс жәшігін орнату жоспарланып отыр.

1 101 қаралым