Жарияланды: 03.04.2020

Күтіп баптау шаралары да назардан тыс қалған емес

Шымкенттегі Абай ауданы қаладағы ең ірі аудан болып саналады. Аудан аумағын көріктендіруге қала әкімдігі тарапынан баса көңіл бөлінуде. Көгалдандыру жұмыстары жоғары қарқынмен жүргізілді. Тазалық шаралары да ұдайы басты назарда. Қоқыстардың бей берекет шашылып жатпасы үшін ауданда 335 жаңа қоқыс жәшігі орнатылды. Ауданның шеткі аймақтарындағы шағынаудандарды көгалдандыру мақсатында тал-дарақтар отырғызылды. Алты жолақты кең даңғыл Ұ.Арғынбеков көшесінің бойына шаған, үйеңкі ағаштары, қызғалдақ, раушангүлдері отырғызылды. Күтіп баптау шаралары да назардан тыс қалған емес. «ЛТД Тұрмыс» серіктестігінің мамандары аталған аумақтағы жасыл желекті күтіп баптау жұмыстарын өз мойнына алған.

 

Дәулет Қуанышқали

769 қаралым