Жарияланды: 03.04.2020

Аңдатпа – тазалық үшін …

Шымкент — шырайлы қала, көркем қала, әсем қала… Ары қарай жалғасытыра беруге болады. Шаһарымызды көркейген, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыған қалаға айналдыру басты мақсат. Қалаға келген қонақтарға «бізде мынадай бар, мынадай бар..» деп мақтана көрсету үшін де әрбіріміз оған үлес қосуымыз керек. Ең алдымен қала тазалығы… Тазалыққа жауапты мекемелер жетерлік. Дегенмен көше бойларын сыпырып, тазалап кеткеннен кейін қағаз болсын, басқа болсын тастап, айналаны ластап кететіндерді де жоқ дей алмайсыз. Қоқыс жәшігіне жеткізіп тастауға ерінетіндер де баршылық. Бұл орайда көше мәдениетін қалыптастыру, яғни жүріп-тұрудан бастап, қоқысты кез — келген жерге тастай салмау, көгалды баспау, саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау, көшені ластамау секілді тұрмыста ұсақ-түйек деп қарағанмен, үлкен мәдениеттілікті қажет ететін шаруаларға мән берілі қажет. Ол үшін ата-ана баласының құлағына тазалық сақтауды отбасынан құйып өсіруі қажет-ақ. Осы орайда үй төрайымдары бастама көтеріп отыр. Аулаларда, үй подьездеріне қоқыс тастамау туралы аңдатпа қағаздарды арнайы орындарға іліп, өзгелерге ескертпе жасауды қолға алып отыр. Бүгінде бұл бастама өз нәтижесін бере бастаған.  

754 қаралым