Жарияланды: 03.04.2020

Аялдамалар тазалық айнасы

Төтенше жағдай кезінде қаладағы коммуналшылар қызметін тоқтатпады. Қаланы көгалдандыру, жасыл желектің күтімі, әсем гүлдерді отырғызуды жалғастыруда. Қала тұрғындары өз кезегінде төтенше жағдай кезінде қызметін атқарып жүргендерге алғыстары шексіз. Таң сәріден күн батқанша еңбек етіп жүрген қызғылт сары күртеше киген жұмысшылар расында қандай мақтауыңызға да лайық. Көше сыпырып, қоқыс тазалап, Шымкенттің тазалығына қомақты үлес қосатын тазалықшылар бүгін аялдамадағы жарнама қағаздарын тазалауға кірісті. Арнайы орнатылған тегін жарнама тақтайшалары бола тұра аялдамаларға жапсырып кететіндерге тоқтам болмай тұр. Тұрғындардың мәдени сауатын арттыру бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде әп-әсем шыны аялдамаларға жарнама жапсыратындарға тиым болары анық.

 

Қуаныш Дәулетқали

669 қаралым