Жарияланды: 03.04.2020

Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты, Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданында дезинфекциялау шаралары қарқын алды. Залалсыздандыру жұмыстарына 35748 бөлімінің 120 сарбазы жұмылдырылды. Олар аудан аумағындағы сауда нүктелерінің аумағы сен көшелер, аялдамалар сынды қоғамдық орындарды дәрілеуде. Дезинфекциялау жұмыстарына 12 арнайы техника да тартылған.  Істелген жұмыстардың сапасы аудан әкімдігінің қатаң бақылауында.

 

822 қаралым