Жарияланды: 03.04.2020

Әлеуметтік дамуда үлесі бар

Шымкенттегі зауыт-фабрикалары импортты алмастыруда қаншалықты әлеуетті?Үкіметтің алдында шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін 30 пайызға жеткізу міндеті тұр. Қазір бұл көрсеткіш 25 пайызды құрайды екен. Шымкенттегі тоқыма фабрикасы 7 жылдан бері нарықта келе жатқан кәсіпорынның өнімі сұранысқа ие. Бүгінде кәсіпорын  700 — ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Осы уақыт аралығында мемлекеттен берілген қолдаулардың арқасында қосымша цехтар ашып, тың технологияларды да өндіріске енгізіп жатырмыз дейді кәсіпкерлер. Қаншама адамды жұмыспен қамтып отырған өндіріс орны қаланың әлеуметтік дамуына да біршама үлес қосып отыр. Шекара асып келіп жатқан медицина, қорғаныс саласына қажетті тоқыма бұйымдарын отандық өніммен алмастыруға фабриканың қуаттылығы толықтай жетеді деп сендірді кәсіпорын басшысы.  

919 қаралым