Шымкент қаласында әлеуметтік нысандар қатары жыл сайын артып келеді. Ең алдымен қала тұрғындарына жағдай жасау да басты назарда. Әлеуметтің әлеуетін арттыру назардан тыс қалған емес. Күнделікті арлы берлі қатынайтын жолдарды жөндеу де әлеуметке жасалған жағдайдың ең үлкені болса керек. Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Қайрат Баймендиевтің айтуынша, Шымкент қаласы аумағындағы жолдардың құрылысына — 18,5 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға 190 көше немесе 318 шақырым жол жөнделеді. Оның 200 шақырымы биыл пайдалануға берілсе, қалғаны келер жылға өтпелі. Айта кетейік, былтыр жолға бюджеттен 8,5 млрд. теңге бөлініп, 100 шақырым жол жөндеуден өткен болатын. Биылғы нәтиже де жаман болмақ емес. Қаланың әлеуметтік даму бағытында атқарылып жатқан жұмыс ауқымды деп ауыз толтырып айтуға әбден болады-ақ.
Жарияланды: 03.04.2020