Жарияланды: 03.04.2020

Қомақты үлес қосары сөзсіз

 

Шымкентте биыл 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ең алдымен әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытында қолға алынып отырған жұмыстардың басқысы. Шымкентте инвесторларды қолдау және даму жобаларын тиімді іске асыру мақсатында жобалық кеңсе құрылған болатын. Аталған жоба елімізде авторлық әдістемесі бар «Евни групп» консалтингтік ұйымымен бірлесіп енгізілген-тін. Жоба 4 базалық бағытта яғни, «Адами капитал», «Инфрақұрылымды дамыту», «Кәсіпкерлік, индустрия және агроөнеркәсіп», «Мемлекеттік қызмет» салалары бойынша құны 213 млрд. теңгеге 387 жобаны тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде биыл 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарының жағдайын жақсарту, табысын арттыруды көздейді. Екі қолға бір күрек тапқан тұрғындардың әлеуеті артып, қаланың әлеуметтік дамуына қомақты үлес қосары сөзсіз.

1 007 қаралым