Жарияланды: 03.04.2020

Шымкент аумағында залалсыздандыру шаралары күшейтілуде

Шымкент қаласы аумағындағы залалсыздандыру шаралары карантин мерзімі аяқталғанға дейін күшейтілетін болады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына жасаған мәлімдемесінде айтты.

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы қоғамдық орындарда, тұрғын үй аулалары, саябақтар, орталық көшелер мен ірі сауда орындарының іргелес жатқан аумақтарында дезинфекция жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады. Қалаға қарасты 4 ауданда әскери бөлімнің қызметкерлері және арнайы машиналар жұмылдырылған.

Сондай-ақ Шымкентте қоғамдық көліктер күніне ек рет дезинфекциялануда. Онда дезинфекциялау жұмыстары бағыттардың жұмысы аяқталған соң, кешкі уақытта автобаза аумағында және күндізгі уақытта бағыттың соңғы аялдамаларында тұрақты атқарылуда. Сонымен қатар орталықтағы аулалар, балалар алаңшалары мен аялдамалар толық залалсыздандырылады.

– Қаланың тыныс-тіршілігі тоқтамауы үшін қала әкімдігі барлық шараларды қабылдайды. Осындай қиын сәтте, Шымкентті жан-тәнімен сүйетін әрбір тұрғынға қаламыз біздің көмегімізге зәру екендігін айрықша атап өткім келеді. Қаламызға тигізер көмегіміз – бұл біздің бір кісідей карантин талаптарын бұлжытпай орындауымызда екендігін атап өтемін, — деді шаһар басшысы.

Еске салсақ, бүгінгі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында сақтық шаралары күшейтілуде. Қалада 18 блокпост жұмыс істеуде.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

769 қаралым