Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жыл 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында және 2019 жылы педагогтардың Тамыз Кеңесінде: «Қазақстан — жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында, жері шұрайлы, топырағы құнарлы, табиғаттың төрт мезгілі мекен еткен қасиетті ел. Сапалы білім мен экологиялық тәрбие беріп, баланы еңбекке баулу арқылы, біз заманға лайықты креативті тұлғаны тәрбиелейміз. Нәтижесінде экономика артып, қуатты мемлекет боламыз. Сондықтан биотехнологияны дамыту қажет және оны мектеп қабырғасынан бастау керек», — деп тапсырма берген болатын. Осыған орай, Шымкент Қалалық Білім Басқармасына қарасты №89 мектеп – лицейде экологиялық онлайн-сағаты өтті. №89 мектеп – лицей ауласында «Жаратылыстану пәндері лабораториясы» ашылған. Оқушылардың табиғи қалдықтардан – мүйізден, ағаштан, аттың қылынан, тері қалдықтарынан, т.б. заттардан жасалған бұйымдардан тұратын көрме бар. Білім беру саласында экологиялық сабақтарға баса мән беру керектігі айқын. Президент тапсырмасы бойынша №89 мектеп-лицей ауласында
3 пирамидадан тұратын «Жаратылыстану пәндері лабораториясы» (Флора-Фауна) салынды. Оқушыларға айнала қоршаған ортаны сақтау, табиғатты қорғау жайында арнайы сабақтар өткізіледі. Бұл өз кезегінде оқушылардың қада тазалығына үлес қосу үшін мәдени сауаттылығын арттыруға да сеп.