Жарияланды: 04.04.2020

Саялы саябаққа келушілер көп…

Металлургтер саябағы

Шымкент қаласында Металлургтер саябағы қалалықтардың көп табан тірейтін сүйікті орындарының бірі. Аталмыш саябақтың іргетасы 1957 жылы қаланған. Қалпына келтіру жұмыстарынан соң саялы мекеннің аумағы 3,6 гектардан 5 гектарға дейін ұлғайды. Демалыс аймағында соңғы үлгідегі жарық шамдар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын субұрқақ та салынды. «Қаламызды таза ұстасақ, мәдениетіміз жоғары болса, тұрмысымыз жетіліп отырса, осындай саябақтарда аналарымыз, апаларымыз, балаларымыз қыдырып, демалып жүрсе, осыдан асқан бақыт жоқ шығар» дейді қала тұрғындары.  Дәл осындай саябақтардың қатары жыл санап артып келеді. Қазіргі таңда бұрынғы қорғасын зауыты маңында 40 гектар аумақта жаңа демалыс аймағының құрылысы жүріп жатыр. Қаламыз жыл санап көркейіп, демалыс орындары мен саябақтар қатары артып келеді. Бұл дегеніміз — ұрпақ денсаулығына, аға буын өкілдерінің ғұмырының ұзақ болуына өз септігін тигізетін дүниелер. Алдағы жылдары мұнда шахмат ойнайтын орталық, балаларға арналған ойын-сауық қондырғылары орнатылмақ.

764 қаралым