Жарияланды: 04.04.2020

Мақсат – болашақ оқушы-ғалымдарға бағыт бағдар беру

Шымкенттегі №89 мектеп лицейінің оқушылары табиғатты қорғау, айнаа қоршаған ортаны аялау, қала тазалығына үлес қосуға тынбай үлес қосып келеді. Өйткені мектептің ауласында «Жаратылыстану пәндері лабораториясы» ашылған. Лабораторияда ылғалдың, температура мен жарықтың белгілі бір жағдайлары қамтамасыз етіліп ағаштар, бұталар, цитрусты өсімдіктер, жеміс- жидектер мен гүлдер өсіріледі. Құстар мен балықтардың ерекше түрлерін өсіріп баптау, олардың тұқымдарын шығару, сапасын арттыру жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырады, бақылау жүргізеді, зерттейді, талдайды, жинақтайды, нәтижесінде тың ғылыми жобалар дүниеге келеді. Жас ұрпақтың бойында экологиялық құзыреттілік қалыптасады және мамандық таңдауға бағыт-бағдар беріледі. Мектеп ұжымының түпкілікті мақсаты –БҰҰ-дың «Азық-түлік бағдарламасы» мен «Жасыл экономика» тұжырымдамасын ескере отырып, халқымызды экологиялық жағынан таза азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және экспортқа шығару үшін болашақ оқушы-ғалымдарға кәсіби бағыт-бағдар беру. Осы «Жаратылыстану пәндері лабораториясында» өз ғылыми еңбектерінің жобасын жасап, зерттеп, оны ары қарай жалғастыруға бағыт – бағдар беру – басты міндет болып табылады. Ал, енді бұл – «Жаратылыстану пәндері лабораториясы» қалай салынды? Дәл осы зертхананы салу №89 мектеп – лицейінің директоры Атабаев Қасымбай Өмірбекұлының идеясы.  Дос, ел ағалары, ұжымдастары, өзіне етене жақын жандардың пікірінен соң, батыл қадаммен 2019 жылдың сәуір айында өз қаржысына түп қазығын қадап, алғашқы бетонынын игі жақсылар көмегімен құйды. Оған ұжымдастар – куә… Мақсат ел баласының қамы… Халқымызды экологиялық жағынан таза азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және экспортқа шығару үшін болашақ оқушы-ғалымдарға кәсіби бағыт-бағдар беру. Және оқушыларымыздың мамандық таңдауда қателікке бой алдырмауына жағдай жасау. Осы «Жаратылыстану пәндері лабораториясында» өз ғылыми еңбектерінің жобасын жасап, зерттеп, оны ары қарай жалғастыруға бағыт – бағдар беру болды.

733 қаралым