Жарияланды: 04.04.2020

Туристер қызығатын болады…

Шымкенттегі ескі қалашық бекінісін қалпына келтіру жұмыстары биылғы жылы аяқталады. «Цитадель» қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының қызықты орындарының біріне айналатан болады, деп хабарлайды «Отырар.кз». Жерасты қаласында археологтар көптеген тарихи жәдігерлер тапқан болатын. Көлемі 4 гектарды алып жатқан үйіндінің астында не барын ғалымдыр дөп басып айта алмайды. Дегенмен, табылған кейбір заттар 4 ғасырға тиесілі дейді.

«Соңғысы 19 ғасырдағы үйлердің белгілері және мал сүйегі мен қыш құмыралардың сынығынан салынған екі көше»,- деді мамандар .

Жанна Сүлейменова археолог: «Алғаш ескі қалашықтағы қазба жұмыстары 2003 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында басталған. Соңғы үш жылда жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. 19 ғасырдағы  тұрмыс тіршілігі байқалады. Аумақ тарихи мәдени орын болғандықтан, 50 метрге дейін құрылыс салуға болмайды. Бүгінде қалашықтың маңындағы сауда нысандары бұзылып, аумағын қоршау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, ескі қалашық ашық аспан астындағы мұражай болады» .

882 қаралым