Жарияланды: 04.04.2020

Саябақты әлемдік стандарттарға сай салу көзделуде

Әлемдік тәжірибеде қалыптасқан табиғи жаңғырудың бірден-бір жолы – қала мен елдімекендер аумағында саябақтар мен гүлзарлар қатарын арттыру. Мұндағы ең басты тезис – салауатты ұрпақты тәрбиелеу, осы арқылы келешекте айнала қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялайтын саналы орта қалыптастыру.  Адам мен табиғат арасындағы өзара үндестіктің бір пернесіндей болып отырған саябақтар мен гүлзарлардың қала өміріндегі алар орны ауқымды екені әу бастан-ақ белгілі. Шымкент қаласында жыл соңына дейін құрылысы басталатын жаңа саябақтың жобасы талқылаудан өткен болатын. «Shymkent City» қалашығына жоспарланған саябақты  әлемдік стандарттарға сай салу көзделуде. «Shymkent» ӘКК» АҚ мамандары бастамашыл топтың талап-тілектерін жаңа жобада ескеретінін айтып, қала тұрғындарына белсенділік танытқаны үшін алғысын білдірді. Қала саябақтарын әлемдік тәжірибе негізінде салу бүгінде өзекті мәселе. Жаңа саябақтар жаңа қалашыққа ерекше көрік беріп тұрарына сеніміміз кәміл.

670 қаралым