Жарияланды: 04.04.2020

Тазалау жұмыстары толық аяқталды

Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы қатты соққан желдің салдарынан құлаған ағаштар мен бұтақтардан тазалау жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда, қураған ағаштарды санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, шөп ору жұмыстарын жоспарға сәйкес, атқарылуда. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табатын болады. Осылайша Ә Фараби ауданының коммуналшылары қала тазалығына үлес қосуда. Одан бөлек, коммуналшылар аудан тұрғындарына сыну қауіпі бар ағаш бұтасын байқаған жағдайда, шұғыл аудан әкімі аппаратының кезекші телефоны арқылы хабарлауға болатындығын айтып отыр. Осылайша аудандағы тазалық мәселесі ұдайы басты назарда екені байқалады.

991 қаралым